Түркия Еуроодаққа қосылғысы келеді - на politic.bugin.kz
Orash - на politic.bugin.kz Orash

Бұл туралы Түркия Президентінің баспасөз хатшысы мәлімдеді

Түркия өзінің екінші үлкен армиясының арқасында НАТО-ның белді мүшесі болып табылады. "Еуроодаққа толыққанды мүше болғысы келеді" деді 26 қарашада Түркия президентінің баспасөз хатшысы Ибрахим Калын. Бұл туралы Түркияның Hurriyet daily news сайты хабарлады.

Берлиннің сыртқы саясат форумы мен Купер қорының бірлескен жоспарында одақтастар Түркияның ұлттық қауіпсіздігіне төнген қатерге назар аударып, оларды жеңу үшін ынтымақтасу керек делінген.

Калын сонымен бірге Түркияның терроризммен күресу жолындағы шешіміне тоқталды.

Ал Испанияның бұрынғы премьер-министрі 27 қарашада Түркия ЕО құрамына кіруі керек деп мәлімдеді.

Стамбулда өткен 10-шы Босфор саммитінде Испанияның бұрынғы премьер-министрі Хосе Луис Родригес Сапатер:

- Түркия - маңызды күш және оның батыс пен шығысты жақындастыра алатын үлкен қуаты бар, Түрік халқының аздап көңілі қалды, бірақ олар ЕО-ға жақын болуы керек, - деді.

Ол тағы да:

- Барлық елдер бейбітшілік үшін күш салуы керек, ал жаһандық державалардың қазіргі ұстанымдары бізді алаңдатады. Біз барлық елдер сияқты ядролық қаруға қарсы тұруымыз керек, тәуекелге бармауымыз керек, - деп қосты.

Ол Шығыс пен Батыстың тепе-теңдігін сақтау керектігін айтты және ол «G20» мен «Босфор» сияқты саммиттер бұл процесстегі оң қадам екенін атап өтті. 

0 Пікір Кіру