Шымкенттен шыққан танымал тұлғалар - на politic.bugin.kz
Bugin.kz - на politic.bugin.kz Bugin.kz

Шымкенттен шыққан 5 танымал тұлға

Әр өңір өзінің дарынды, талантты тұлғарымен мақтанады. Бүгін Шымкенттен шыққан танымал тұлғалар туралы айтуды жөн көрдік.

Қазақстандық танымал тележүргізуші, журналист,  Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Балапан телеарнасының директоры – Ләйлә Сұлтанқызы  1977 жылы 8 желтоқсанда Шымкент қаласында дүинеге келген. Еңбек жолын 1997 жылы «Шаһар» ТРК-да тележүргізуші болып бастаған. Содан «Қазақстан» Ұлттық аранасының «Әйел бақыты» ток-шоуының авторы әрі жүргізуші болып жұмыс істеді.  2015 жылы ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің "Қазақстан Мәдениет саласының Үздігі" құрметті атағымен марапатталды. Ал 2016 жылғы желтоқсан айындағы елбасының жарлығымен жоғарғы мемлекеттік марапат "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" құрметті атағымен марапатталды.

Әлия Мақсұтқызы Жүсіпова 1984 жылы 15 мамырда Шымкент қаласында дүниге келген. Ол Көркем гимнастика спорт шебері және осы спорт түрінен Олимпиадаға Қазақстанннан жалғыз жолдаманың иегері. 2010 жылдан бері – көркем гимнастикадан ҚР құрама командасының аға жаттықтырушысы, дүниежүзілік дәрежедегі төреші. Өзінің мансабында, Алия Қазақстан қоржынына Азия чемпионатынан 12 алтын медаль, Азия ойындарынан 2 алтын және 2 күміс, Бүкіләлемдік ойындардан 1 күміс медаль және Жазғы универсиададан 4 қола медаль салды. Оның Шымкент қаласында жеке гимнастика өнер мектебі бар.  2006 жылы Үндістанның Сурате қаласында көркем гимнастикадан Азия чемпионаты өткен еді. Әлия Жүсіпова Азия чемпионатының 5 бірдей алтын медалін жеңіп алды. Алғашқы алтынды көпсайыста алған ол доп, шығыршық, скакалка, лента секілді бағдарлама түрлерінің бәрінде де жеңімпаз болып шықты. Және бір атап өтетін жәйт – қазақ гимнасшы қыз Қазақстан көркем гимнастика тарихында алғаш рет Азияның абсолютті чемпионы атанды. Ол 2004 жылы «Құрмет» орденімен және «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.

Қайрат Түнтеков – Шымкент қаласының тумасы. Ол 2005 жылы «Superstar» жобасынан жүлделі орын алып, халыққа танылған болатын. Өмірінде болған келеңсіз оқиғадан соң, қазақстандық «I am a singer» жобасының жүлдегері атанды.

Айдай Исаева – «Қазақстан аруы – 2013» атағын жеңіп алған шымкенттік ару. Ол 1989 жылы 19 сәуірде Шымкент қаласында дүниеге келген. Айдай  Исаева № 47 атындағы тарихи-гуманитарлық гимназиясын бітірді. Т. Тәжібаев. С. Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің түлегі.Дәрігер-кардиолог, гольф, волейбол, теннис, гимнастика, сонымен қатар бимен айналысады. Болашақта қазақ ою-өрнектері бар этникалық киімнің өзіндік желісін құруды жоспарлап отыр. 2014 жылы Coca-Cola Novruz Kazakhstan жарнамасына түсті. Ал 2017 жылы қазақстандық әнші Ғазизхан Шекербековтің "көрікті" әніне түсті. 2018 жылы қазақстандық әнші Луинаның " Hey Yo!".

Бейбіт Шүменов Бейбіт Шүменов 1983 жылы 19 тамызда Шымкент қаласында дүниеге келді. Қазіргі уақытта АҚШ-та тұрады. Ол кәсіпқой боксшы, WBA және ІВА бойынша дүниежүзі чемпионы. Қазақстанның 2004 жылғы Олимпиада құрамасының мүшесі. 2003 жылы Үндістанда өткен Бірінші Африка-Азия ойындарының күміс жүлдегері. 2004 жылы Филиппинда өткен Азия чемпионатының алтын медаль иегері.  Боксшы 18 өткізіп, оның 16-ында жеңіске жеткен (оның екеуінде нокаутпен). Бұл жалғыз WBA (Дүниежүзілік бокс қауымдастығы) шымкенттік супер-чемпион.

0 Пікір Кіру