Шенеуніктер: Си Цзиньпиң өмір бойы билік ете алмайды - на politic.bugin.kz
Orash - на politic.bugin.kz Orash

Коммунистік партия әлде қашан мұрагерлік механизмін құрып қойған

Жақында Қытай коммунистік партиясы орталық партия мектебінің аға кадры бір топ журналистер мен редакторларға 10 жылдық президенттік мерзім шегін алып тастау Си Цзиньпиңнің өзі қалағанша билікте қала алады дегенді білдірмейтінін айтты, деп хабарлайды "Asia Times" ақпараттық сайты.

Қытай жетекші шенеуніктердің жоғарғы партиялық мектеп директорының орынбасары Шие Чүнтау осы айдың басында Қытай Журналистер қауымдастығы өткізген семинарда өмір бойғы президенттік мәселесі туралыжурналистерді биліктің үздіксіз және біркелкі алмасуын қамтамасыз ету үшін жұмыс істейтін мұрагерлік жоспары жасалды деп сендірді.

Естеріңізге салсақ, 2018-ші жылы наурызда Қытай Халықтық конгресі Си Цзиньпиң жариялаған ұлттық конституцияға президенттік шекті мерзімді алып тастау туралы түзетуді қабылдаған болатын. Бұл бірден үлкен қарсылық тудырды, және бір қадам артқа шегіну ретінде көрінді. Диктаторлық режимдегі жалғыз тепе-теңдік механизмін жойып, Си Цзиньпиңге билікті өз қолында ұстауға мүмкіндік берген еді.

Шие бақ уәкілдеріне:

- Халықтың Конгресі шектеулі президенттік мерзімді алып тастағаннан кейінгі сынға күмән келтірудің қажеті жоқ, өйткені басшылардың билікте болу уақытын шектеу шетелде ешқашан кеңінен қабылданбаған, мысалыЖапония Премьер-Министрінің, Германия канцлерінің де мерзімі шектеусіз, - деп атап өтті. 

Ол тағы да:

- Әр ел көшбасшыларын тағайындау мерзімін түрлі жағдайларға және қажеттіліктерге сәйкес анықтайды, партия Қытай конституциясына өзгертулер енгізілмес бұрынәлде қашанмұрагерлік механизмін құрып қойған, - деді.

Шие сонымен қатар, партияның ұйымдастыру бөлімі 2017-ші жылы партияның 19-шы Орталық Комитетінің мүшесі ретінде тізімге енгізілген барлық кандидаттардың кірістері, мүлкі және отбасы мүшелері бойынша қатаң түрдегі және фондық тексеріс жүргізгенін айтты.

Айта кетерлігі, Синхуа агенттігі сол кезде 150-ге жуық кандидаттың барлығы таңдалмағанын хабарлаған болатын.

0 Пікір Кіру