Қарапайым америкалықтар саясатқа қаншалықты араласады? - на politic.bugin.kz
Бірқабатты Америка - на politic.bugin.kz Бірқабатты Америка

Олардың әр күні саяси жаңалық не саяси дебатпен байланысуына не себеп?

Осы сұрақ кез келген шетелдікті қызықтыратын шығар. АҚШ-қа келгелі бері мен де осы сұрақ төңірегінде америкалықтармен бірталай тілдестім. Мен жасаған вердикт: Олар көп араласады.

Мысалы, АҚШ-та әр 4 жылда президент сайлауы өтеді. Сосын бір президент екі реттен көп уақытқа сайлана алмайды. Демек, әр үш жылда президенттік сайлауға үміткерлер жарысы өтеді. Мысалы, 2020 жылы қараша айында өтетін кезекті президенттік сайлауына саяси жарыс осы жылдың көктемінде басталды. Демек екі жыл бойы америкалықтар ТВ және интернет арқылы осы үміткерлердің ұсынатын бағдарламалары мен уәделерін талқылайды. 

Сосын Вашингтондағы АҚШ Конгресіне (біздіңше, Парламентке) және жергілікті, яғни әр штаттағы Конгреске де сайлау әр 2 жылда өтеді. Америкалықтар өкілдер палатасының барлық мүшелерін және Сенаттың үштен бір бөлігін сайлайды екен. Демек, америкалықтар саясатқа белінен араласады. Олардың әр күні саяси жаңалық не саяси дискуссиямен байланысады. 

Кешегі күні, америкалықтардың ең сүйікті футбол ойынын (soccer емес, American football) түсіну үшін барға барып ек, 5 экранның кем дегенде біреуі саяси жаңалықтарға арналғанын көрдім. Демек, америкалықтар спорт бар да саясатты аздап болса да талқылайды.


0 Пікір Кіру