Иран наразылық шараларының артында тұрған «жалданушыларды» қатаң жазалауға ант берді - на politic.bugin.kz
Orash - на politic.bugin.kz Orash

Иран басшылары АҚШ, Израиль және Сауд Арабиясымен байланысы бар «қарақшыларды» толқу тудырғаны үшін айыптады

Иран билігі жанармай бағасы қымбаттаған кезде, халықты дүрліктіріп, наразылыққа бастаған "жалдамалыларды" жазалауға уәде берді, деп хабарлайды Катардың "Aljazeera" ақпараттық сайты.
Иран Ислам төңкеріс сақшылар корпусының (IRGC) аға қолбасшысы жексенбіде елдің сот жүйесін ауқымды наразылық шарасына қатысқандарға қатаң жаза қолдануға шақырды.
IRGC командирінің орынбасары Генерал Әли Фадауи:
- Біз Америка Құрама Штаттарына жалданғанынмойындаған барлық жалданушыларды ұстадық. Құдай қаласа, елдің сот жүйесі оларға еңауыр жаза қоладанады, - деді.
Жексенбі күні, Fars News агенттігі құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне сілтеме жасап көшедегі зорлық-зомбылыққа байланысты 180 басшыны қамауға алды деп мәлімдеген еді.
Иран басшылары жер аударғандар мен шетелдік жаулармен (АҚШ, Израиль және Сауд Арабиясы) байланысқан «содырларды» тәртіпсіздіктерді қоздырғаны үшін айыптады. Бұл соңғы он жылдағы елдегі ең ауыр зорлық-зомбылық әрекеті болып саналады.
Фадауи:
- Біздің айналамыздың барлығы мұсылман мемлекеттері, бірақ, өкінішке орай, олар исламға да, көршілес елдерге де осы зұлым әрекеттерді жасауда. Біз олардың зұлымдықтарына міндетті түрде жауап береміз, - деді.
Иран билігінің хабарлауынша, 1000-ға жуық наразылық білдіруші қамауға алынған.
Нью-Йорктегі Иранның Адам құқықтары жөніндегі ақпараттық-насихат тобы бұл мәліметті жоққа шығарып, өзінің веб-сайтында:
- Ресми мәліметтер мен сенімді деректерге сәйкес, кем дегенде, 2755 адам тұтқынға алынды, ал нақты минималды саны 4000-ға жуық болуы мүмкін, - деп мәлімдеді.
Басылым наразылыққа бензин бағасының қымбаттауы себеп болған деп жазады.
Үкімет бензин бағасының кем дегенде 50% көтерілгенін жариялаған кезде, бұған бірнеше қала ғана наразылық білдірген болатын. Кейін наразылық жүз қалаға тарап, тез арада саясиланып үлгерді. Наразылық білдірушілер жоғары шенеуніктердің отставкаға кетуін талап еткен.

Үкімет жанармай бағасының өсуі Ирандағы кедейлерге жеңілдіктер жасауға мүмкіндік береді деп түсіндірді. АҚШ-тың өткен жылы маңызды ядролық келісімнен шыққаннан кейінгі қайтадан енгізген санкциялардың әсерінен, көптеген ирандықтарөмір сүру үшін күресуге мәжбүр болған.

0 Пікір Кіру