Люксембург ЕуроОдаққа Палестинаны тәуелсіз мемлекет ретінде тануды ұсынды - на politic.bugin.kz
Жандос Мәдениет - на politic.bugin.kz Жандос Мәдениет

Брюссель Вашингтонның Таяу Шығыс саясатына қарсы тұра алады

Люксембург сыртқы істер министрі Жан Ассельборн ЕуроОдаққа Палестинаны тәуелсіз мемлекет ретінде мойындау керек деп ұсыныс жасады. Өйткені АҚШ билігі Израильдің батыс жалағайындағы шекарасын заңды деп мойындаған еді. 

Ол бұл пікірді жексенбіде немістің Tagesspiegel am Sonntag газетінде жарияланған сұхбатында білдірді.

- Еуропалық Одақ Палестинаны мемлекет ретінде мойындауға уақыт келді ме, жоқ па, соны талқылауы керек, - деді Асселборн.

Осылайша, оның пікірінше, Брюссель Вашингтон мен АҚШ президенті Дональд Трамптың Таяу Шығыс саясатына қарсы тұра алады.

- Біз, әсіресе Германияда, сондай-ақ Францияда, Бельгияда, Нидерландыда, Испанияда және Люксембургте Палестинаны жеке тану қаншалықты қиын екенін білеміз. Бірақ еуропалық бастама аясында бұл мүмкін, - деді саясаткер.

«Палестинаны барлық Еуропалық Одақтың мойындауы палестиналықтардың израильдіктер сияқты өз Отанына, мемлекетіне деген қажеттілігін көрсетеді» деді ол.

Люксембургтің сыртқы істер министрі: «Қазірдің өзінде мәселені екі мемлекет құру арқылы шешу - бұл мүлдем тұрақсыз құрылым. Егер Израильдің қоныс аудару саясаты және Палестина үйлерін қирату жалғаса берсе, онда Палестина мемлекетіне орын қалмайды», - деп жалғастырды.

- Халықаралық заңдарды сақтамау, кем дегенде, 5 миллион босқынның қосымша Таяу Шығыста болуына әкеледі. Бұл Израильдің мүддесі үшін мүмкін емес, - деп қорытындылады Ассельборн.

18 қарашада АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майкл Помпео Вашингтон «жердегі нақты жағдайды» мойындай отырып, бұдан былай Батыс жағалаудағы еврей қоныстарының болуын халықаралық заңды бұзушылық деп санамайды деп мәлімдеді.  Израиль бұл шешімді құптады. Палестина тарапының өкілдері АҚШ әкімшілігінің елді мекендерге қатысты халықаралық қарарлардың күшін жоюға құқығы жоқ деп мәлімдеді.

2019 жылдың маусым айының соңында Ақ үй бейресми түрде «ғасыр келісімі» деп аталатын Палестина-Израиль қақтығысын шешу жоспарының экономикалық аспектілері көрсетілген құжат жариялады деп хабарланды. Ол, атап айтқанда, Палестина мен көршілес елдерге 50 миллиард доллар көлемінде инвестицияларды қарастырады.

25-26 маусымда Бахрейн астанасы Манама қаласында келісімнің экономикалық аспектілері бойынша халықаралық кездесу өтті.  Палестина әкімшілігі, сондай-ақ бірқатар араб елдері бұл тәсілді орынсыз деп санап, шараға бойкот жариялады.  Содан кейін палестиналықтар Израильмен қол қойылған барлық бейбіт келісімдердің орындалуын тоқтата тұрғаны белгілі болды.




0 Пікір Кіру