2020: Медицина саласына 1,6 миллиард теңге бөлінеді - на politic.bugin.kz
Bugin.kz - на politic.bugin.kz Bugin.kz

Қазақстандықтар медициналық қызмет үшін 100 миллиард теңгені қалтасынан төлеген

2019 жылдың алғашқы алты айында денсаулық сақтау саласында 628,6 млрд теңгенің қызметі көрсетілген. Оның 481,2 млрд теңгесі бюджет есебінен, 99,1 млрд теңгесі тұрғындардың өз қалтасынан, 48,3 млрд теңгесі кәсіпорын есебінен жұмсалған.  

«9 айдың қорытындысы бойынша, денсаулық сақтау саласына бюджеттен 858,8 млрд теңге бөлінген. Ал былтыр 12 айда 1,2 трлн теңге шығындалған болатын. Бұл жалпы ішкі өнімнің 1,9%-ына тең. Міндетті медициналық сақтандыру жүйесіне 17,9 милион қазақстандықтың қатысуына мүмкіндік бар», – деп жазады Finprom.kz. 
Оның ішінде 4,75 миллион адам (25%) жұмыс істейтіндер, 1,07 миллион адам жеке кәсіпкер ретінде тіркелген. Медициналық сақтандыру жарнасын мемлекет төлейтін 9,97 миллион адам бар. Жарнасын мемлекет төлеп отырған тұрғындардың 56,6%-ы балалар болса, 20,1%-ы зейнеткерлер.  

Сайттың жазуына қарағанда, жыл басынан қыркүйек айына дейін міндетті медициналық сақтандыру қорына 217,4 млрд теңге аударылды. 2020 жылы кепілді медициналық көмек пен медициналық  сақтандыруға 1,6 трлн теңге жұмсау жоспарланған.

inbusiness.kz

0 Пікір Кіру