Боливиядағы өтпелі үкімет Моралесті терроризм жасады деп айыптайды - на politic.bugin.kz
Plumeria - на politic.bugin.kz Plumeria

Боливия үкіметі Моралесті 30 жылға қаматпақшы

22 қарашада өтпелі үкімет Боливияның бұрынғы президенті Эво Моралесті терроризм мен тәртіпсіздіктерге итермелеген деп айыптады және Ла-Пас прокуратурасына осы қылмыстарды жасау туралы өтінішпен жүгінді, деп хабарлайды ВВС.

Боливияның бұрынғы президенті Эво Моралес Боливия қалаларына азық-түлік жеткізілетін жолдардағы тосқауылдарды ұйымдастыруға қатысты бар деп мәлімдеді ішкі істер министрі Артуро Мурильо.

Мурильо 24 қарашада The Guardian-ға берген түсіндірмесінде, Моралестің телефон арқылы сөйлесу жазбасы оның бұл қылмыстарды жасағандығын «200%-ға» растайды, онда экс-президент кока өндірушілерінің жетекшісі Фаустино Юкра Ярвиға бүлік жасау туралы нұсқау берген көрінеді.

Боливияның Ішкі істер министрлігі басшысының айтуынша, бұл – «бүлік пен терроризм».

Ол прокурорлардан Моралес үшін «ең көп мерзім сұрағандығын – 30 жыл түрме» айтып өтті.


0 Пікір Кіру