Трамп АҚШ-тың Әскери теңіз күштері министрін отставкаға жіберді - на politic.bugin.kz
Plumeria - на politic.bugin.kz Plumeria

Оның орнына АҚШ-тың Норвегиядағы қазіргі елшісі тағайындалмақшы

АҚШ президенті Дональд Трамп Әскери-теңіз күштерінің министрі Ричард Спенсер отставкаға кетті деп мәлімдеді. Бұл туралы Трамп өзінің Twitter-інде жазып, Спенсерге қызметі мен жауапкершілігі үшін алғысын білдірді.

Сондай-ақ ақ үй басшысы ӘТК министрі етіп адмирал және Норвегиядағы қазіргі елші Кен Брэйтуэйтті ұсынатындығын хабарлады. Трамп оны «үлкен жетістіктер мен табыстардың адамы» деп сипаттап, Брэйтуэйтке «таңғажайып жұмыстар жасайды» деген үмітін білдірді.

АҚШ президентінің мәлімдемесіне дейін, Пентагон басшысы Марк Эспер бірнеше әскери қылмыс жасады деп айыпталған АҚШ әскери-теңіз күштерінің арнайы қызметкері Эдвард Галлахердің даулы ісі кезінде сенім жоғалтуына байланысты Спенсерден отставкаға кетуін сұраған болатын.


0 Пікір Кіру