Хиросимадан қуатты: Қытай жағалауында атом сүңгуір кемесі жарылды - на politic.bugin.kz
Асхат Қасенғали - на politic.bugin.kz Асхат Қасенғали

Қытайдың атом сүңгуір кемесі жарылуы мүмкін

Оңтүстік Қытай теңізінде қуаттылығы 20 килотонн болатын жарылыс болды. Жарылысты 21 қараша күні Әлемдік мұхит мониторинг тобы анықтаған. 

Жарылыс 50 метр тереңдікте түнгі сағат 02:22 орын алған. Жойқын жарылыстан кейін Тайвань аралында радиация мөлшері шамадан тыс артқаны байқалған. 

Жарылыстың қуаттылығы Хиросимадан күшті екенін арнайы қондырғылар анықтаған. Сарапшылар жарылыс АҚШ-тың атом сүңгуір кемесінде немесе Қытайдың атом сүңгуір кемесінде орын алды дейді. 

Оқиғадан кейін Қытайдың теңіз күштері аталмыш аймақта күрт артқан. 

0 Пікір Кіру