Ақ үй: Трамп импичментті Сенатта қарастыруды және Байденді ұлымен бірге келуін қалайды - на politic.bugin.kz
Plumeria - на politic.bugin.kz Plumeria

АҚШ президенті Дональд Трамп Сенатта импичменттің қарастырылуын құптайды

Ол куәгер ретінде Байденді ұлымен бірге, сондай-ақ дау-дамайдың басталуына себеп болған шағым авторымен кездесуді қалайды. Бұл туралы Fox News эфирінде Ақ үйдің өкілі Хоган Гидли мәлімдеді, деп rg.ru хабарлайды.

Оның айтуынша, Трамп импичментті Өкілдер палатасында қарастыруға «ешқандай негіз жоқ» деп санайды. 

- Алайда егер бұл орын алса (соты болса), президент сенатор Адам Шиффтің, сондай-ақ Хантер мен Джо Байдендерің қатысуын қалайды, - деді Гидли.

Егер Өкілдер палатасы Трампқа импичмент жарияласа, Сенат мемлекет басшысының сот отырысын өткізуі керек. Президентті қызметтен шеттету үшін сенаторлардың үштен екісі оны кінәлі деп тануы қажет. Сенаттың көпшілігі Республикашылар және олардың ешқайсысы импичментке қатысты өз пікірлерін әлі білдірмеді.

Естеріңізге сала кетейік, АҚШ Конгресінде Трамптың импичменті туралы іс бойынша тыңдау екінші аптаға жалғасуда. Демократтар америкалық президент Украинаға әскери көмекті тоқтатып, ол көмектің бұғатын босату үшін өзінің саяси оппоненті Джо Байденге және оның ұлы Хантерге қарсы тергеу жүргізуді талап еткен деп айыптауда.

Жақында Республикашылдар Хантер Байденді, сондай-ақ АҚШ пен Украина басшыларының телефон арқылы сөйлесуіне шағым берген барлау қызметінің қызметкерін жауап беру үшін шақыруды ұсынған болатын. Алайда бұл бастаманы АҚШ Конгресі Өкілдер Палатасының барлау жөніндегі арнайы комитеті қабылдамады. Комитеттегі көпшілік демократтар болғандықтан, олар бұған бірауыздан қарсы дауыс берді.


0 Пікір Кіру