Швейцария президенті Қазақстанның негізгі басымдығын атады - на politic.bugin.kz
Bugin.kz - на politic.bugin.kz Bugin.kz

Швейцария-Қазақстан арасындағы келіссөзден кейін

Бүгін Ақордада Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен келіссөздерден кейінгі бірлескен мәлімдеме барысында Швейцария Конфедерациясының Президенті Ули Маурер еліміздің негізгі басымдығын атады.

«Біз үш компонентке негізделген екі жақты қарым-қатынастарымызды дамытуға ұмтыламыз. Дегенмен тауар алыс-берісін ғана дамытқымыз келіп отырған жоқ. Білім алмасу саласындағы да өзара іс-қимылды жандандырғымыз келеді. Біз үшін бірлескен кәсіпорындар құру, білім, жаңа технологиялар алмасу барынша маңызды», - деді Ули Маурер.

Сонымен қатар ол Швейцарияға қарағанда Қазақстанның қандай басымдығы бар екендігін айтты.

«Қазақстан - жас әрі қарқынды дамушы мемлекет. Бұл елдеріңіздің ең үлкен басымдығы және Швейцариядан да үлкен айырмашылықтарыңыз саналады. Себебі бізде халықтың қартаю процесі жүріп жатыр», - деді Швейцария Президенті.

inform.kz

0 Пікір Кіру