Елімізде бірқатар әскери қызметші жемқорлық күдігіне ілінді - на politic.bugin.kz
Bugin.kz - на politic.bugin.kz Bugin.kz

Сыбайлас жемқорлық

Еліміздің бірқатар өңіріндегі әскери қызметшілер сыбайлас жемқорлық қылмыстары күдігіне ілінді. Бұл мәліметті Агенттіктің баспасөз қызметі растады.

Жамбыл облысының Сыбайлас жемқорлық қызметі майор, Т.Рысқұлов ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің басшысына қатысты тергеуді жүргізуде.

Ол әскери есепте тұру туралы анықтама және шекті жасқа жету бойынша әскер билет беруде ықпал еткені үшін азаматтан 35 мың теңге көлемінде пара алғаны үшін күдіктелуде. Күдікті мен оның қорғаушысының жеделдетілген сотқа дейінгі тергеу туралы ұсынымына және келу туралы міндеттемесін беруіне байланысты оған қатысты процессуалдық ұстау қолданылған жоқ.

0 Пікір Кіру