Иран АҚШ-ты айыптауда - на politic.bugin.kz
Plumeria - на politic.bugin.kz Plumeria

Бензиннің қымбаттауына АҚШ кінәлі

Ирандағы наразылықтар аймақтық ойыншылардың, сондай-ақ АҚШ-тың қатысуымен жасалған қастандықтың нәтижесі. Мұндай мәлімдемені сәрсенбіде Иран президенті Хасан Рухани үкімет отырысында жасады.

Алайда ол «тәртіпсіздіктер кезінде Иран халқы толықтай жеңіске жетті» дейді.

Amnesty International халықаралық ұйымы Ислам Республикасында, кем дегенде, 106 адамның қайтыс болғандығы туралы хабарлайды. Ал билік бұл мәліметтерді жалған деп атайды.

- Наразылық білдірушілер ұйымдасқан, қаруланған және аймақтың артта қалған мемлекеттері, сондай-ақ сионистер мен америкалықтар жасаған үлгі бойынша жүргені анық. Бұл Иран халқы үшін тағы бір үлкен жеңіс деп ойлаймын,- деді Хасан Рухани.

Наразылық сенбі күні кешке елдегі экономикалық жағдайдың қиындығының айналасында газ бағасының күрт көтерілуіне байланысты басталған болатын. Сонымен бірге, үкімет халыққа Интернетке қол жетімділікті бұғаттап тастады.

Тұтқындалған, жараланған және қайтыс болған адамдар туралы әлі ресми мәліметтер жоқ.


0 Пікір Кіру