Зеленский Назарбаевтың шақыруына жауап берді - на politic.bugin.kz
Bugin.kz - на politic.bugin.kz Bugin.kz

Болды, бірақ анық емес

Украина президенті Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен осыдан бір ай бұрын Жапонияда кездескен болатын. Сол кездесуде не айтылғанын тікелей эфирде жария етті, деп хабарлайды Bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы Lenta.ru-ге сілтеме жасап. Мұны укриан басшысы ТСН телеарнасына сұхбат берген кезде айтқан.

Зеленский Назарбаевпен кездескен кезде Донбастағы жағдай туралы әңгімелескенін әрі Елбасының Украина басшысы мен Ресей басшысын Қазақстанға шақырып, кездесу ұйымдастыру жайлы айтқанын мойындады.

Украин президентінің айтуынша, Назарбаев Зеленскийге Қырым мәселесін шешу үшін Путинмен бетпе-бет кездесуі керектігін мәлімдеген. Ал Зеленский болса, Донбаста бейбітшілік орнату үшін кез келген жерде, кез келген кездесуге дайын екендігін жеткізген. Алайда қазір «норман төрттігі» саммитіне қызу дайындалып жатқанын алға тартқан.

Айта кетейік, Қазақстанның экс-президенті 12 қараша күні өткен «Астана клубы» отырысында Украина президенті Владимир Зеленский мен РФ президенті Владимир Путинді татуластыру үшін Қазақстан астанасында кездесу ұйымдастыруға дайын екендігін жеткізген еді.

Назарбаевтың ұсынысына алғаш болып жауап қатқан – Кремль билігі болды. Ресей президенті Назарбаевтың ұсынысын қолдайтынын, алайда кездесу ұйымдастыру үшін Украина билігінің Донбастан әскерін шығаруы керек деп талап қойған болатын.

Ал Зеленский болса, Назарбаевтың ұсынысына бірден жауап бере қоймады. Украинаның сыртқы істер министрі жанама жауап беру арқылы Назарбаевтың ұсынысына түсініктеме бергендей болды. Бірақ Путиннің жауабында анық емес еді.

Украина сыртқы істер министрі Вадим Пристайко Назарбаев пен Зеленскийдің арасында Қазақстанда кездесу туралы әңгіме болғанын, алайда оның ресми емес, ауызша, бейресми әрі дүдәмал түрде айтылғанын алға тартты.

Енді, міне, Зеленский де Назарбаевтың ұсынысынан жанама түрде бас тартқандай болды.

0 Пікір Кіру