Моралес еліне оралу үшін халықаралық делдалдардан көмек сұрады - на politic.bugin.kz
Plumeria - на politic.bugin.kz Plumeria

Моралестің жақтастары биліктің Аньеске ауысуына қарсы

Боливияның бұрынғы президенті Эво Моралес саяси баспана алған Мексикадан Боливияға оралу үшін халықаралық делдалдардан көмек сұрады, деп хабарлайды kommersant.ru.

- Мен халықаралық делдалдардан елге оралу үшін көмек сұраймын, біз диалог жүргізуге ниеттіміз, - деді Моралес Мехикода өткен баспасөз конференциясында.

Боливияда 20 қазанда өткен президент сайлауында президент Эво Моралес бірінші турда жеңіске жетті, бірақ оның негізгі қарсыласы Карлос Меса дауыс беру нәтижелерін мойындамады. Боливия қарулы күштері Моралесті елдегі тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін отставкаға кетуге шақырды, содан кейін ол 10 қарашада отставкаға кететінін мәлімдеген еді. 

Сенат спикері мен бірінші вице-спикер де орындарынан кетті. Президенттік өкілеттік уақытша оппозициялық сенаттың екінші вице-спикері Жанин Аньеске берілді. Моралестің жақтастары биліктің Аньеске ауысуына қарсы және оның отставкаға кетуін талап етуде.


0 Пікір Кіру