«Алматы - адалдық алаңы» жобасы бастау алды  - на politic.bugin.kz
Қаракөз Амантай - на politic.bugin.kz Қаракөз Амантай

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық моделін әрі қарай дамытуға бағытталған

Елбасының «Қазақстандық әл-ауқатының өсуі: өмір сүру сапасын арттыру және өмір сапасы» атты Жолдауында еліміздің барлық өңірлерінде «Сыбайлас жемқорлықсыз аймақтар» жобасын жүзеге асыру тапсырды.

Осыған байланысты Алматы қаласында «Алматы – адалдық алаңы» жобасы өз бастауын алды, ол қаламыздың тұрғындарының сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық моделін әрі қарай дамытуға бағытталған. Аталмыш жоба ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен және Алматы қаласы әкімдігі қолдауымен іске асырылды. 

«Алматы - адалдық алаңы» жобалық офисінің салтанатты ашылуы 2018 жылдың 22 желтоқсанында Алматы қаласы әкімдігінің мәжіліс залында ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары О.А. Бектеновтың, Алматы қаласы әкімінің орынбасары А.О. Қырықбаевтың төрағалық етуімен өтті.
Жобаның мақсаты күнделікті өмірдегі сыбайлас жемқорлықты жою, мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру, азаматтар мен бизнес үшін кедергісіз және қолайлы жағдайлар жасау, мемлекеттік органдардың ашықтығы мен айқындығы болып табылады. 
Жобалық офисті  «Қоғамдық бақылау» ҚҰ директоры, «Белсенді қызмет үшін»  медалінің иегері, қоғам қайраткері  Александр Иванович Братенков басқарады.
0 Пікір Кіру