Қытай АҚШ-қа соққы беру арқылы өзіне қауіп төндіреді - на politic.bugin.kz
Orash - на politic.bugin.kz Orash

Гонконг заң жобасы төңірегінде

Қытай Гонконгтың заң жобасы ісі бойынша АҚШ-қа соққы жасау арқылы өзіне қауіп төндіруде, деп хабарлайды Bloomberg басылымы.

АҚШ Сенаты Гонконгтағы демократиялық наразылық білдірушілерді қолдау туралы заңнаманы қабылдағаннан кейін, Қытай сәрсенбіде жедел жауап қайтарып, кек аламыз деп сес көрсетті деп жазды басылым.

Қытай Сыртқы істер министрлігінің Гонконгтегі кеңсесі:

- Біз сендерге ескертпеді демеңдер, - деп мәлімдеді.

Бұған дейін бұл термин тек сирек жағдайларда, мысалы, 1962 жылы Үндістанмен соғысардың алдында ғана қолданылған болатын.

Алайда АҚШ-қа қарсы қабылданған кез келген шара Қытайға тиімсіз. Әсіресе, неше онжылдықтан бері экономикасы ең баяулап, Гонконгтағы өршіп тұрған зорлық-зомбылықты тоқтатуға тырысып жатқан тұста, АҚШ-пен арадағы сауда келіссөздерін сәтті жүргізуі екіталай.

Өткен жылы АҚШ президенті Дональд Трамп сауда соғысын бастағаннан бері, Қытай америка тауарларына баж тарифін көтеру арқылы кек қайтармақ болды. Бірақ онысынан ештеңе шықпады. Тек ескерту жасаумен шектелді. 

Америка Құрама Штаттарының ықпалына ұшыраған басқа аймақтарына байланысты, мысалы, Тайваньның қару-жарақ саудасы, Шыңжаңның батыс аймақтарындағы адам құқықтарының бұзылуына қарсы санкциялар, Huawei Technologies Co.  компаниясын қара тізімге енгізу қатарлы әрекеттеріне қарсы шабуылдаймыз деп қорқытқанымен, Қытай үкіметі әлі күнге дейін іске көшкен жоқ.

Осы мәселе төңірегінде, Қытай ішкі мәселелер кеңесшісі және Қытайдың Рэньмин университетінің халықаралық қатынастар профессоры Ши Иньхуң:

- Айта кету керек, АҚШ-тың Қытайға келтірген зияны Қытайдың АҚШ-қа келтіретін залалынан да көпболмақ, - деді.

0 Пікір Кіру