Ресейдің әскери полициясы АҚШ-тың Сириядағы бұрынғы базасына орналасты - на politic.bugin.kz
Plumeria - на politic.bugin.kz Plumeria

Сиррин базасы

Қызметкерлерді материалдық-техникалық қамтамасыз ету және орналастыру, тамақтану, жанармай құю жабдықтарын ұйымдастыру жүйесі толығымен жұмыс істеп тұр.

"Ресейдің әскери полициясы Сирияның солтүстігінде патрульдік аймақты кеңейтуде, бақылау пункттерінің бірі – америкалықтар тастап кеткен «Сиррин» базасы" деп мәлімдеді журналистерге ресейлік әскери полиция офицері Сафар Сафаров. Бұл туралы rg.ru хабарлайды.

Әскери қызметкерлер гуманитарлық көмек колонналарын алып жүреді. Маршруттары әр түрлі: кейде «Тигр» брондалған техникасы күніне 200 шақырым жүреді.

- Америкалықтар кеткеннен кейін, біз Манбидж кантонының және оның айналасындағы барлық территорияны бақылауымызға алдық. Алдыңғы жиекке ерекше назар аударамыз... Сондай-ақ бізде Манбидж арқылы өтетін барлық колонналарды тәуліктің кез келген уақытында алып жүру міндеті тұр, - деді Сафаров.

Бақылау пункттерінің бірі – АҚШ-тың бұрынғы «Сиррин» әуе базасы. Америкалықтар жақында осы базадан кеткен болатын: олар жұмыс істейтін генераторды, жиһаздарын және кеңсе техникаларын тастап кеткен екен.

Метрас аэродромының коменданты қазіргі уақытта инженерлік жұмыстар жүргізіліп, жеке құрам үшін аумақты ретке келтіру жұмыстары жүргізіліп жатқандығын айтты.


0 Пікір Кіру