Google саяси жарнамаларды орналастыру ережелерін қатаңдатады - на politic.bugin.kz
Plumeria - на politic.bugin.kz Plumeria

Сенім

Бұған дейін Twitter-дің негізін қалаушы Джек Дорси платформаға саяси жарнамалар орналасуға тыйым салынғанын хабарлаған болатын.

Google компаниясы да саяси жарнамаларды өздерінің платформаларында орналастыру ережелерінің қатаңдағаны туралы мәлімдеді, деп хабарлайды РИА Новости.

- Саяси жарнама туралы жақында туындаған алаңдаушылық пен пікірталасты және демократиялық үдеріске ортақ сенімнің маңыздылығын ескере отырып, біз сайлаушылардың біздің жарнама платформаларында көре алатын саяси жарнамаға деген сенімін арттырғымыз келеді. Осылайша, біз бүкіл әлемдегі сайттарымыздағы саяси жарнаманы өңдеуге кейбір өзгерістер енгізіп жатырмыз, - делінген Google хабарламасында.

Компания саяси жарнама берушілерге ұсынатын негізгі форматтар – Google іздеу жарнамалары (белгілі бір тақырыпты немесе үміткерді іздеу), YouTube-те іздеу және белгілі бір сайттарда пайда болатын және компания серіктестері үшін табыс әкелетін жарнамалар болып табылады.

Компания таңдаулы жарнаманың бағытын жасына, жынысына және орналасқан жеріне байланысты шектейді деп атап өтті. Мәлімдемеде саяси жарнаманы ұсынатын адамдар контекстік жарнаманы, атап айтқанда, белгілі бір оқиғаны оқыған немесе көрген пайдаланушыларға жарнамалық материалдарды көрсетуді жалғастыра алатындығы баса айтылған.

Жаңа ережелер Ұлыбританияда бір аптадан кейін жұмыс істей бастайды, ал ЕО елдерінде жыл соңына дейін күшіне енеді. Қалған мемлекеттерде олар 2020 жылдың 6 қаңтарынан бастап жұмыс істейді.


0 Пікір Кіру