Макао Қытайдан бөлінгісі келеді  - на politic.bugin.kz
Асхат Қасенғали - на politic.bugin.kz Асхат Қасенғали

Қытайдың автономиялық аймақтары бас көтеруде

Макао Қытайдың автономиялық аймақтарға қол сұғуы артуынан қауіптенуде. 

Бейжің Гонконгтің ішкі заң шығару саясатына араласқаннан кейін, бұрқ ете қалған көтерілістен соң Макао аймағы да оқиғаның қайталануынан сескенеді. 700 мың ғана халқы бар Макао 1999 жылы 20 желтоқсанда Португалиядан Қытайға өткен болатын.

Жиырма жылдыққа байланысты автономияға қауіп төнуі мүмкін деген болжам бар. Макао жастары әлеуметтік желіде Гонконгтің күрес тәжірибесін талқылап, Қытайдан толық бөлінудің жолдарын айтып, пікір алмасуда. 

Оның үстіне, АҚШ-пен сауда соғысы күшейсе, экономикасына соққы болады деп қауіптеніп отыр. Қазіргі таңда Қытайдан бөлініп, дербес ел болса, Макаоның дамуы да тезірек болар еді дейді олар. 

0 Пікір Кіру