Алдағы күндері ауа райы қандай болады? - на politic.bugin.kz
Bugin.kz - на politic.bugin.kz Bugin.kz

21-23 қараша күндеріндегі ауа райына болжам

Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында қар жауып, бұрқасындатады, ауа температурасы төмендейді.

Қазгидрометтің ақпаратынша, Қазақстанға Карск теңізінен келген суық ауа массаларының әсерінен республиканың солтүстік, орталық және шығыс облыстарында күн суытты. Түнде ауа температурасы -28...-32°С дейін төмендесе, күндіз -18…-23°С шамасында болды. Бұл орташа көпжылдық мәннен -8…-13°С төмен.

"Оңтүстік бағытта ығысқан арктикалық суық ауа ағымдарынан елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысынжа қар жауып, бұрқасындатады, солтүстік-шығыстан екпінді жел соғады. Ауа температурасы төмендейді", - делінген хабарламада.

Ал, солтүстік облыстарда, синоптиктердің болжамынша, Батыс Сібірдің солтүстігінен ығысатын кезекті циклонның әсерінен 22-23 қараша күндері аяздың беті қайтады.

Ірі қалалардағы ауа райы

Нұр-Сұлтан

·         21 қарашада күн ашық. Түнде -29°С, күндіз -20°С аяз.

·         22 қарашада күн ала бұлтты. Түнде -23°С, күндіз -17°С.

·         23 қарашада ауа райы жауын-шашынсыз. Түнде -23°С, күндіз -14°С.

Алматы

·         21 қарашада күн бұлтты, қар жауады. Түнде +1°С, күндіз -4°С.

·         22 қарашада күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде -7°С, күндіз 0°С.

·         23 қарашада күн бұлтты, аздаған қар жауады. Түнде -5°С, күндіз +1°С.

Шымкент

·         21 қарашада күн бұлтты, аздаған жаңбыр жауады. Түнде +2°С, күндіз +6°С.

·         22 қарашада күн бұлтты, қар жауады. Түнде +1°С, күндіз -1°С суық.

·         23 қарашада күн бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде -2°С, күндіз +3°С.

0 Пікір Кіру