БҰҰ әлемнің 47 кедей елін атады - на politic.bugin.kz
Plumeria - на politic.bugin.kz Plumeria

Африканың 30-дан астам елі, бірқатар Азия және арал елдері әлемдегі ең аз дамыған елдердің тізіміне енді

Бұл туралы сейсенбіде Біріккен Ұлттар Ұйымының Сауда және даму жөніндегі конференциясының (ЮНКТАД) төмен дамыған елдердің баяндамасында айтылған, деп ТАСС хабарлайды.

Тізімге 47 мемлекет кіреді. Негізінен, Африка елдері көп: Ангола, Бенин, Буркина-Фасо, Бурунди, ЦАР, Чад, Конго Демократиялық Республикасы, Джибути, Эритрея, Эфиопия, Гамбия, Мадагаскар, Мали, Судан, Оңтүстік Судан, Уганда, Замбия және басқалар. Тізімде сондай-ақ Кирибати, Тувалу, Вануату, Соломон аралдарының мемлекеттері бар. Үшінші топқа - Азия елдері: Ауғанстан, Бангладеш, Камбоджа, Лаос, Мьянма, Непал, Йемен және Бутан кіреді.

- Біз мемлекетті үш критерий бойынша талдаймыз, - деп түсіндірді ЮНКТАД өкілі Шанталь Карпентье. - Біріншіден, бұл жан басына шаққандағы табыс, мұнда бізде бұл көрсеткіш 1230 доллардан төмен елдерді қарастырамыз.

- Бірақ бізге басқа көрсеткіштер де қажет, өйткені өте кішкентай елдер де бар және егер олардың азаматтардың бірі, мысалы, футболшы болып, өте үлкен жалақы алатын болса, онда бұл бүкіл мемлекеттің көрсеткіштерін көтеріп жібере алады, - деді ол.

- Сондықтан біз мемлекет азаматтарының тамақтануы, денсаулығы, білімі және сауаттылығын, экономикасының осал тұстарын, климаттық, ауыл шаруашылық, экономикалық көрсеткіштерін, табиғи апатқа ұшырау жағдайын талдаймыз, - дейді өкіл. 

Осы есеп негізінде және тұрақты даму мақсаттарын басшылыққа ала отырып, БҰҰ осы елдердің басшыларына жағдайды жақсарту бойынша ұсыныстар әзірлеуде.


0 Пікір Кіру