Германияның бұрынғы президентінің ұлын дәріс кезінде өлтіріп кеткен - на politic.bugin.kz
Plumeria - на politic.bugin.kz Plumeria

Себебі белгісіз

Германияның бұрынғы президенті Рихард фон Вайцзеккердің ұлы, дәрігер Фриц фон Вайцзеккер дәріс кезінде ауыр жарақат алып қаза тапты. Бұл туралы Rundfunk Berlin-Brandenburg басылымы хабарлайды.

Полиция мәліметтеріне сәйкес, оқиға Берлиндегі Шарлоттенбург сарайына жақын орналасқан Schlosspark емханасында орын алған. Дәріс оқып жатқан кезінде Вайцзеккерге ер адам келіп, оны пышақпен жарақаттайды. 59 жастағы дәрігер алған жарақаттарынан қайтыс болды.

Дәріске келушілердің бірі, шабуылдаушыны тоқтатуға тырысқан адам да жарақат алады. Қазіргі уақытта күдікті қамауға алынды. Оның бұл әрекетінің себептері әлі белгісіз.

Фриц фон Вайцзеккер 2005 жылдан бастап Schlosspark клиникасының бас дәрігері қызметін атқарып келді. Оның әкесі - Рихард фон Вайцзеккер 1984 жылдан 1994 жылға дейін Германияның президенті болды.


0 Пікір Кіру