Қытайдағы қазақтарды қудалау: «100 күндік тазалау» науқаны басталды - на politic.bugin.kz
Асхат Қасенғали - на politic.bugin.kz Асхат Қасенғали

Нұр-Сұлтан қаласында арнайы жиын өтті

Қытайдағы аз ұлттарға қысым соңғы уақытта қайта күшейген. 4 қараша күні "100 күндік науқан" атты жаңа қудалау түрі ашылған. Бұл жайында Нұр-Сұлтан қаласында өткен арнайы жиын барысында жазушы, қоғам белсендісі Гүлісхан Домалайқызы мәлімдеді.

- 4-қараша күні қытай сайттарына «Қара қол сипатты өкілдерді ұстау» деген ұранмен жаңа ақпарат шықты. Олар кімдер деп ізденген болатынбыз. 20-45 жас аралығындағы ер азаматтарды осы санатқа жатқызып, ұстап жатыр екен. Бұл тізімге үйінің құжаты дұрыс рәсімделмегендер, бір басына бірден артық жылжымайтын мүлік тіркелгендер, бала кезінде ханзу ұлтының өкілімен тәжікелескені үшін құқық қорғау органдарына шақырылғандар, қыл аяғы ат спортымен айналысқандар да еніп жатыр. Бір ауылдан 20-30 адам осындай тізіммен қамалып жатыр. Сонда Қытайдағы қазақ ауылдарында бас көтерер еркек кіндікті қалмай жатыр, – дейді қоғам қайраткері. 

2017 жылдан бастап Қытай аз ұлттарға қысым көрсетіп, арнайы лагерьлерге тоғытуда. Бұл әлем халқының назарын өзіне аударған геноцидтік саясат деп бағалануда.

 

0 Пікір Кіру