Назарбаев БАӘ президентіне жеделхат жолдады - на politic.bugin.kz
Bugin.kz - на politic.bugin.kz Bugin.kz

Көңіл айту жеделхаты

ҚР Тұңғыш Президенті шейх Сұлтан бен Заид Әл Нахаянның қайтыс болуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады. Бұл мәліметті Елбасының баспасөз қызметі растады.

«Бауырыңыз әрі Біріккен Араб Әмірліктерінің абыройлы саяси қайраткері шейх Сұлтан бен Заид Әл Нахаянның дүниеден озғаны туралы суыт хабарды зор күйзеліспен қабылдадым. Шейх Сұлтан Біріккен Араб Әмірліктерінің аяқтан тұрып, гүлденуіне ерекше үлес қосқан тұлға ретінде ел тарихында өшпес із қалдырды. Оның жарқын бейнесі Әмірліктер халқының жүрегінде әрдайым сақталатынына сенімдімін»,– делінген жеделхатта.

Нұрсұлтан Назарбаев ел Президенті шейх Халифе бен Заид Әл Нахаянға және оның отбасына сабыр тілеп, азалы көңілін білдірді.

0 Пікір Кіру