АҚШ неге босқындарды қабылдағысы келмейді? - на politic.bugin.kz
Бірқабатты Америка - на politic.bugin.kz Бірқабатты Америка

Трамп Ақ үйге келгелі бері АҚШ-қа келетін босқындар саны 10 есе азайған

Сайрагүл Қазақстанда тұрақты тіркеуге тұра алмай жатқанда, оған Швеция үкіметі пана ұсынды емес пе?! АҚШ та босқын мен саяси қашқындарға ашық ел еді. «Еді» деп жатқанымның себебі АҚШ үкіметі босқындарға жыл сайын берілетін квота санын қысқартып жатыр. Трамп билікке келгелі көрсеткіш 10 есе азайды.

Обама демократ болған. Ал демократтар грин карта жүйесін енгізіп, шетелден миллиондаған иммигрантты резидент еткізіп келеді. Ал республикалықтар бұл жүйені жабуға бірнеше рет әрекет жасады. Олар "Америка америкалықтар үшін" деген ұстанымға сүйенеді.

Барак Обама президент постындағы соңғы жылында 110 мың босқынды қабылдауды бекіткен еді. Одан кейінгі жылы квота 85 мыңға түсіп, ал 2017 жылы 55 мыңмен шектелді. Өткен жылы 45 мыңға шектеу болыпты. Биыл Трамп әкімшілігі өзге де республикалық партия өкілдерінің қолдауымен бір жылда қабылдайтын босқындар санын 8 мыңға дейін төмендеткен.

Бүгін АҚШ-қа Бутан дейтін елден осылай босқын болып келген азаматтан сұқбат алдым. Ол және оның отбасы Бутан ұлтының ұлтшылдығының құрбаны бола жаздапты. Дилли есімді жігіттің арғы тегі Непалдан екен. Оның атасы егіншілікпен айналысу үшін жер іздеп, XX ғасырдың басында Бутанға көшкен екен. Бұлар ұлты непал болса да, көшкен кезде Бутан азаматтығын алыпты. 1990 жылдары Бутанның ұлтшыл азаматтары оларды «келімсектер» деп атап, сыйыстырмай, оларға «Варфоломей түнін» ұйымдастыра жаздапты. Олар бір түнде Непалға қашып, сол жақтан үкіметтік емес ұйымдар арқылы АҚШ-тан пана сұраған. Осылай ол отбасымен АҚШ-қа көшкен екен.

Оның көшіп келгеніне 12 жыл өтсе де, Бутандағы жайдай жайлы сұрап едім, дірілдеп, жылап жібере жаздады. Ыңғайсыз сұрақ қойғаныма, шамалы өкіндім де расы.

Ол қазір Мичиганның Лансинг қаласында ауыл шаруашылығымен айналысады. Ол өзі сияқты босқын болып келген адамдардың Мичиганға бейімделулеріне көмектесіп жүр екен. Келген босқындардың көп бөлігі мұнда егіншілікпен айналысады.


0 Пікір Кіру