Тоқаевтың Германияға не үшін баратыны белгілі болды - на politic.bugin.kz
Bugin.kz - на politic.bugin.kz Bugin.kz

Қандай мәселе талқыланады?

Қазақстан мен ГФР сыртқы істер министрліктері президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Германияға сапарының күн тәртібін әзірлеуге кірісті. Бұл туралы республиканың сыртқы саяси ведомствосының ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді.

Оның айтуынша, 19 қарашада Қазақстан сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко Германия сыртқы істер министрлігінің Шығыс Еуропа, Оңтүстік Кавказ және Орталық Азия елдерімен ынтымақтастық мәселелері жөніндегі уәкілетті өкілі Михаэль Зибертпен кездеседі.

Смадияров келіссөздердің күн тәртібіне мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Германияға алдағы ресми сапары, Орталық Азия бойынша ЕО стратегиясын іске асыру, сондай-ақ өңірлік құрылымдар мен халықаралық ұйымдар аясында екі елдің өзара іс-қимылы кіретінін атап өтті.

sputniknews.kz

0 Пікір Кіру