Ирактың барлау әскері: «Ислам мемлекеті» қайта жандануы мүмкін - на politic.bugin.kz
Plumeria - на politic.bugin.kz Plumeria

Бомба жасаушы

«Ислам мемлекеті» мүшелері* өз жолдастарын Сирия мен Ирактағы түрмелерден жаппай қашыруды дайындауда, бұл оның жетекшісі Әбу Бакр әл-Бағдадидің көзі жойылғанымен де осы ұйымның жандануына қауіп төндіруде. Мұны  АҚШ-тың CNN арнасына берген сұхбатында Ирактың әскери барлау басшысы генерал-майор Саад әл-Аллак мәлімдеді.


Генералдың айтуынша, оның бөлімі лаңкестердің жаппай қашуына дайындық туралы деректерді қолға түсірген.

- Әлемдік қоғамдастық бұл мәселені шешуге орасан күш жұмсауы керек, өйткені бұл қылмыскерлер түрмелерден шығып, елдеріне оралуы мүмкін. Олар Еуропа, Азия және Африканың солтүстік-батыс елдеріне үлкен қауіп төндіруде, - деп баса айтты әл-Аллак.

Оның айтуынша, Бағдад Түркия билігіне Сирия мен Ирактан Түркияға қашқан жоғары дәрежелі ИМ-нің* содырлары туралы ақпарат берген. Олардың арасында террористік топтың қызметін қаржыландыруға жауапты адамдар да бар.

- Топ басшылығының кейбір өкілдері солтүстікке, яғни Түркияның Газиантеп қаласы сияқты көрші елдерге және шекаралас аймақтарға қашып кетті, - деді Ирак әскери барлауының басшысы.

Оның айтуынша, «ақшасы бар топ мүшелері» Түркияға қашқан. 

- Олар контрабандистердің көмегімен үлкен соманы төлеп, жасырын түрде Түркия аумағына кірген, - деп қосты генерал.

Әл-Аллактың хабарлауынша, Түркияға қашқан содырлар жаңа жақтастарын тартумен айналысады. Оның атап өтуінше, олардың екеуі – «ИМ-де* болған ең мықты бомба жасаушылар».

* - Қазақстанда тыйым салынған


0 Пікір Кіру