Гонконг тәуелсіздік үшін референдум өткізбек - на politic.bugin.kz
Асхат Қасенғали - на politic.bugin.kz Асхат Қасенғали

Гонконг азат ел болғысы келеді

Гонконгте ереуілшілдер соңғы бір аптада күресті күшейтті. Енді олар жаңа талаптар қоюда. Ереуілшілдер арасындағы арнайы бастамашыл топтар, жексенбі күні әлеуметтік желілерде Қытайдан бөлініп, толық тәуелсіздік жариялау мәселесін көтерген. 

Олар референдум өткізу арқылы БҰҰ-ның мамандарын шақыра отырып, осылай жасау қажеттігін алға тартқан. Арнайы ұсынысты бірнеше сағаттың ішінде 512 мың адам қолдап, пікір жазып, лүпіл басқан. Олар ендігі таңда осы ұсынысты да алға қоятынын жарыса жазуда. 

Қазіргі таңда Гонконг жастары ереуілді негізінен ЖОО-ның маңы мен метро аймағында жүргізуде. Олар жолды жауып, көліктерді өткізбеу мақсатында арнайы тосқауылдар қоюда. Жарты жылға созылған ереуіл мен наразылықтың кесірінен Гонконг экономикасының өсу қарқыны екі есе азайған. 

0 Пікір Кіру